Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» баскетбол командасы тағы да ұтылды

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2015
  • 1475

Шотландияның Дамфрис қаласында шайбалы хоккейден әлем чемпионаты аяқталды. «А» тобында сынға түскен Қазақстанның әйелдер құрамасы үздік шығып, бірінші орынға қол жеткізді. Бұл жетістігінен кейін Александр Мальцевтің шәкірттері бірінші дивизионға жолдама алды. Спорт жаңалықтарын Самат Қанағатов жалғастырады.



«Астана» баскетбол командасы сырт алаңда ұтылды. Біртұтас лигасының кезекті турында Минск қаласының «Цмоки-Минск» клубына қонаққа барған Рамунас Бутаутастың шәкірттері 94-86 есебімен ұтылды. Кездесуді ширақ бастаған алаң иелері алғашқы кезеңде тура соққылармен ерекшеленіп, үлкен үзіліске 6 ұпай айырмашылығымен кетті. Ойынның екінші жартысында намысқа тырысқан қазақстандық ұжым есепті теңестіру үшін аянып қалмады. Бірақ бұл күні қорғаныста сауатты ойнап, шабуылда нәтижелі өнер көрсеткен «Цмоки-Минск» командасы «Астана» клубының алдын орап кетті. Келесі кездесуін Рамунас Бутаутастың шәкірттері тағы да сырт алаңда өткізеді. Бұл жолғы қарсылас - Самара қаласының «Красные Крылья» командасы.



Ұлттық хоккей лигасында кезекті тур ойындары болып өтті. Соңғы уақыттары қарқыны мықты «Вашингтон» командасы үш ұпайды олжалады. Бұл сында «Детройт» клубына қонаққа барған Барри Троцтың шәкірттері 2-1 есебімен басым түсті. Бұл ойындағы алғашқы шайбаны қонақтар сапында Евгений Кузнецов соқты. Бұл шайбадан кейін шабыттанған «Вашингтон» командасы үзілістен кейін есепті еселеді. Бұл сәтте Майк Грин мүлт кетпеді. Қарымта шабуылға шыққан айдын иелері Даррен Хелмнің көмегімен есепті қысқартқанымен, олардың одан артыққа шамалары келмеді.  

Самат ҚАНАҒАТОВ