Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада «Елбасымен бірге жаңа жеңістерге» атты жастар форумында Мемлекет басшысы жиналғандарға дәріс оқыды

  • AstanaTV
  • 10 сәуір 2015
  • 1866

Қазақстан халқы неліктен Еуропа елдері, Араб Әмірліктері немесе АҚШ секілді өмір сүрмейді? Бұл сұраққа Президенттің өзі жауап берді. Астанада «Елбасымен бірге жаңа жеңістерге» атты жастар форумында Мемлекет басшысы жиналғандарға екі сағатқа жуық дәріс оқыды. Қазақстанның климаттық ерекшелігі, экономикасы, діні мен ділі, қысқасы, Президент қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бәріне тоқталды.

Айта кетейік, жуырда ғана «Жас Отан» жастар қанатының республика бойынша екі мыңдай делегаты Астанада бас қосып, ұйымның кезектен тыс үшінші съезін өткізді. «Жас Отанның» 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданып, орталық кеңестің жаңа мүшелері сайланды, әрі жаңа таңбасы да бекітілді.

Алқалы жиын әдеттегідей әнұранмен ашылды. Мемлекет басшысы алдыңғы қатардағы беткеұстар жастардың гимнді қалай шырқағанын, тіпті кімнің қайда қарап тұрғанын байқаған. Сөйтіп, жастардың патриоттық қасиетін бір қайрап алды.

Я смотрел в зал, когда играл Гимн, он единственный смотрел на Флаг, никто из вас не смотрел. Это ему от побед на всех соревнованиях. Он хорошо знает, что если чемпион постоянно не тренируется, он не сможет рассчитывать в последующем на победу.

Қойнауы қазынаға толы қазақ елін Араб Әмірліктерімен, АҚШ-пен салыстыратын көптің көкейіндегі сауалға Президент жастар алдында жауап қатты. Елді мекендер арасындағы шалғайлық, теңізге шығатын төте жолдың жоқтығы өз алдына, Қазақстанның қытымыр климаты энергияны бірнеше есе артық тұтынуға мәжбүрлейді. Осы фактор экономиканың дамуын  тежейді, - деді. Әлемдегі озық елдердің жылдық орташа ауа райы +20 градус шамасында болса, Қазақстанда ол +2,5 градус.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Например, построить двухэтажный дом в Астане и построить такой же дом в Малайзии в 10 раз дороже. Нам надо иметь двухметровую толщину стен, утеплять, обогревать. Они могут просто в деревянных коробках построить дом.

Осындай қиын-қыстау климатқа төзіп отырған өз халқына Мемлекет басшысы "батыр" атағын берді.

У канадцев жители из южных районов, которые идут трудиться на малонаселенный север, называются героями. Если это сравнение перенести на нас - у нас 17 миллионов героев живут в Казахстане.

«Десе де бұл қыс бойы ұйқы соғатын аюдың кебін кию керек деген сөз емес», - деді Назарбаев.

 

Сейчас в рыночных условиях мы не можем жить по принципу медведя, который зимой лежит, лапу сосет, весной просыпается и работает.

Бүгінгідей алмағайып заманда әркім өз нарығын қорғайды. Мәселен, Жапония әлемнің жартысын көлікпен қамтуға қауқарлы. Бірақ шектеулер бұған жол бермейді. Осылайша алдымен өз экономикасын қолдауды әр қазақстандық түсінуі тиіс деді Елбасы. Ресейдегі арзан дүниеге лап қою - екі ұдай күйге түсіретінін түсіндірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Да, они купили, сейчас хорошо. Но они посадят наши предприятия - автомобильные, пищевые, а там они же и работают, казахстанцы. Заработки получают там. Если эти заводы остановятся, то у казахстанцев тех заработков не будет. Не смогут покупать даже дешевые продукты. Вот в чем вторая сторона.

Президент нарықтағы жағдаймен санаспайтын осындай "советтік сана" көпшілікті жоғары жалақы талап етуге де итермелейтінін айтты.

 

У нас же как: «Давай» требуют. Но никто не считает, а сколько предприятие заработало, есть ли деньги. Нет. Давай и все. 

Ал діни радикализм - жаһандық қатер.  Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда  2230 мешіт салынды. Кезінде құлшылық орындарын мал қораға айналдырған солақай саясаттың салдары жойылды. Бірақ, мемлекет зайырлы. Дін елдің дамуы үшін қызмет етуі керек. Әйтпесе, кері кету қаупі басым, - деді президент.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  

Кешегі дүние жүзіне белгілі болып отырған жыл сайын тек қана туризмнен 15-20 млрд ақша түсіріп  отырған Египет анадай соғыс-тартыстың арқасында 20-30 жылға артқа кеті. Айырылды бәрінен. Кедей ел болып шықты, ішкі соғыстың арқасында Бізге экстремистік дін неге керек? Біз мұқият болуымыз керек.

Жастарды жігерлендіріп, қайрай сөйлеген Президент қарапайым мысалдармен елдегі негізгі поблемаларды әрбірінің жетесіне жеткізуге тырысса керек. Қазіргі мемлекеттің қамқорлығын да салыстырмалы түрде түсіндірді.

Нашим родителям проблема была - выжить и чуть-чуть нас накормить. Не помогал открывать бизнес, не направлял нас учиться, строить свою жизнь никто не помогал.

Бір жарым сағат Президенттің дәрісін тыңдаған жастарға мінберден сөйлеу сәті туды.

Біз елімізде ынтымақ пен бірлікті, берекелі тірлікті таңдаймыз, біз қуатты Қазақстанды таңдаймыз, біз сізге дауыс береміз

Ал Қостанай облысында әр гектардан 10-15 центнер астық алатын агрофирма басшысы Константин Елкинге Президент тоқмейілсімей, қытайлар секілді әр гектардан 25 центнер бидай жинауға ұмтылғаның жөн деді. Қажет болса, қолдайтынын білдірді.

 

Ты молодой, у тебя все впереди, мы тебе поможем. Изучи, что есть. Поезжай, посмотри. Новые аграрные технологии, какие они?

Жастардың жағымды энергетикасы қашанда күш-қуат беретінін Мемлекет басшысы жасырмады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Бүгінгі кездесудің мәні - ерекше, жастармен кездесу деген - адам өзі ішіне рух энергия, күш-қайрат алатындай болады. Сіздердің лептеріңіз, екпіндеріңіз, күштеріңіз маған жиналып беріліп отырған сияқты.

Форум соңында Президентпен тарихи селфиге түсуге асыққан жастар Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне жиналды. Президент кідіруге мәжбүр болды. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ