Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлиақпар Мәтішев:«Сапасыз тауар сатушылар енді жеңіл айыппен құтылмайды»

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2015
  • 1227

Дүкен мен базар сөрелерін сапасыз тауармен толтырғандар жауапсыз қалмайды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев азық-түлік алаяқтарына жазаны күшейту керек деген ұсыныс айтты. Ең алдымен айыппұлды арттыру көзделіп отыр. Өйткені оның көлемі өте аз, -  дейді Мәтішев.

Сондықтан саудагерлерге бүлінген азық-түлікті лақтырғаннан гөрі, айыппұлды төлеп құтылған оңай екен. Оның айтуынша,  әккіленіп алған пысықайлар, жарамсыз азық-түлікті арзан бағамен базарға шығарады.

Әлиақпар Мәтішев, ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы:

Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша анықталған заңбұзушылықтарға  қатысты айыппұл көлімі 300 айлық есептік көрсеткіштен басталып, 600-ге дейін жетеді. Әрине бұл сома өте аз. Аталмыш көрсеткішті арттырып, жауапкершілікті күшейту керек. Бұл ұсынысты енгізу үшін бізге уақыт қажет және бизнес пен өзге де әріптестеріміз тарапынан қолдау керек.

Айгүл ӘДЕПБАЙ