Русский Сайттың толық нұсқасы

Рахым Ошақбаев: Интеграцияға қарсылық туралы пікірімді ресейлік БАҚ бұрмалап жеткізді

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2015
  • 2251

«Әсіре саяси манипуляция». Рахым Ошақбаев ресейлік бірқатар басылымдарда шыққан мақалаларға осындай баға берді.«Астана» арнасына берген эксклюзивті сұхбатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары өзінің валюталық одақ туралы пікірін көрші Ресейде бұрмалап, интеграция дұшпаны түрінде көрсетіп жатқанын айтты.

Жуырда шыққан мақалада «Эксперт» атты басылым қазақстандық кәсіпкерлер палатасын валюталық одаққа қарсы тарапқа жатқызып, Рахым Ошақбаевтың өзін ел басшылығының шешіміне қарсы оппозициялық пікір айтты деп айыптады.  Тіпті, Ошақбаевтың демаршы «еленбей қалмайды» дегенді де жазған. Осы жайтқа орай Рахым Ошақбаевтың өзі былай дейді.  

Рахым Ошақбаев, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары:

Ресей журналистерінің ұяты білсін. Шын мәнінде, бұл сондай әдепсіз, әсіресе, саяси манипуляция. Экономикалық тұрғыда ортақ валюта қажет емес деген сөзімізді бұрмалап, әрі қарайғы интеграция қажет емес пе деген, қарсы аргумент келтірген. Интеграцияға қарсылық түрінде позициялаған.  Біздің экономикалық мүдделерімізге сай интеграция қажет. Егер мүддеге сәйкес келмесе, нақ осы салада қажет емес.  Ақша-кредит саясаты, менің ойымша, абсолютті ұлттық суверенитет құзырында қалуы тиіс. Жеке көзқарасым осындай. Сондықтан Ресей журналистері таңып отырған позиция - ол менің позициям емес. Ар-ожданы білсін дегім келеді тағы да.

Рахым Ошақбаев Еуразиялық экономикалық одақ шартында ортақ валюта енгізу мәселесі туралы бірде-бір сөз жазылмағанын еске салды. "Ондай жағдайда ортақ парламент құрылуы тиіс. Ал бұл экономикалық одақты саяси одаққа айналдырады", - дейді. "Одақ құрылар шақта Қазақстан әлі бірқатар салалар бойынша интеграцияға даяр еместігін жеткізді. Мәселен, құрылысты, нысандар қауіпсіздігін және ішкі тасымалды реттеуде",- деді палата төрағасының орынбасары. Бизнес қауымдастықтың позициясы туралы тоқталған Ошақбаев, бизнес элита мен Ұлттық палата қашан да президенттің қолдаушысы болатынын мәлімдеді.

Рахым Ошақбаев, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары:

Кәсіпкерлер класы президент жүргізген нарықтық реформалар барысында қалыптасты. Сондықтан оның саясатына қашан да жүгінеміз. Еуразиялық экономикалық одақ - тек экономикалық одақ екенін президент баса айтқан. Еуразиялық экономикалық одақты Еуропалық одақпен салыстыруға болмайды. Еуроодақ - саяси бірлестік.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ