Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Францияның белді университеттерімен келіссөз жүргізуде

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2015
  • 1044

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Францияға іссапармен барды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Гүлшара Әбдіқалықова ЮНЕСКО штаб-пәтерінде болып, Ұйымның Бас директоры Ирина Боковамен кездесті. Мемлекеттік хатшы ЮНЕСКО жетекшісіне білімді, ғылым және мәдениетті, гендерлік теңдікті дамыту үшін Қазақстан Үкіметі қабылдап жатқан шаралары туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ  Әбдіқалықова «Кампус Франс», «Париж Сорбонна Сите», «Сорбонна-Қазақстан» университеттерінің басшыларымен де жүздесті.  Келіссөздер барысында  тараптар университетаралық ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен келешегін егжей-тегжейлі талқылады. Үстіміздегі жылы екі елдің жетекші жоғары оқу орындары басшыларының қатысуымен Парижде немесе Астанада университетаралық форум ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Антуан Грассэн,  «Кампус Франс» білім беру агенттігінің бас директоры:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова білім беру саласы сапасын көтеруге ниет білдірді. Біз өз тарапымыздан ынтымақтастық қарым-қатынасқа дайынбыз. Қазір жаңа жобалар қарастырылып жатыр. Алдағы форумда нақты іске асу барысы талқыланады. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА