Русский Сайттың толық нұсқасы

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенті куәлігінің үлгісін бекітті

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2015
  • 1134

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенті куәлігінің үлгісін бекітті. Бұл туралы қаулы комиссияның бүгінгі отырысында қабылданды. Яғни 26 сәуірде сайланатын президент куәлігі осы үлгі негізінде жасалады. Ал Қазақстандағы Президент сайлауы күні шет елдерде 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Бұл туралы «Астана» телеарнасына берген сұхбатында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлімдеді. «Шетелде жүріп, белгілі бір кандидатқа дауыс беремін деуші қазақстандық азамат осы учаскелерге келіп, жеке куәлігін көрсетсе болғаны», -  дейді.

Татьяна Охлопкова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

26 сәуірде еліміздің аймақтарында және де шет елдерде қанша сайлаушылардың бюллетень алғаны туралы ақпарат әрбір екі сағат сайын белгілі болып тұрады. Өзге елдердегі уақыт белдеуі ескеріледі. Десе де, олар бізге Орталық сайлау комиссиясы бекіткен үлгіде ақпар береді.

Жұрағат БАМАН