Русский Сайттың толық нұсқасы

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы тағы да үздік шықты

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2015
  • 1211

Испанияда бокстан халықаралық турнир аяқталды. Дәрежелі жарысқа қатысқан Қазақстанның жастар құрамасы командалық есепте бірінші орынға қол жеткізді. Турнир барысында Ғалым Кенжебаевтың шәкірттері Испания, Литва және Ирландия спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Спорт жаңалықтарын Самат Қанағатов жалғастырады.



Шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы тағы да үздік шықты. Әлем чемпионатындағы екінші ойында Андрей Назаровтың шәкірттері Мажарстан командасын ойсырата ұтты. Бұл ойындағы алғашқы шайбаны Константин Руденко соқты. Бұл шайбадан кейін шабыттанған Қазақстан құрамасының хоккейшілері үзілістен кейін Мажарстан командасының қақпасына тағы да жауапсыз үш шайба соқты. Бұл сәттерде Алексей Воронцов, Кевин Даллмэн және Вадим Краснослободцев мергендігімен танылды.

Бұл кездесудегі соңғы нүктені Константин Пушкарев қойды. Қорытынды есеп 5-0 Қазақстан құрамасының пайдасына. Бұл жетістігінен кейін 6 ұпай жинаған Андрей Назаровтың шәкірттері «А» тобының көш басына емін еркін жайғасты. Келесі кездесуін қазақстандық хоккейшілер 22 сәуір күні Жапония құрамасына қарсы өткізеді. Еске салайық, «А» тобынан бірінші және екінші орын алған командалар элиталық дивизионға жолдама алады. 

Самат ҚАНАҒАТОВ