Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударады

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2015
  • 1447

Су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау қорына Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақыларын аударады. Бүгін төменгі палатаның жалпы отырсында осындай шешім қабылданды.

Төлеген Ыбыраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Қара жамылып, қайғы басқан қазалы отбасыларға шын жүректен көңiл айтамыз. Көппен көтерген жүк жеңiл. Табиғаттың тосыннан шыққан жойқын күшiнiң салдарынан көмекке зәру болған жандар үшiн қолдау ретiнде Мәжiлiстегi «Нұр Отан» партиясы фракциясының атынан бiр күндiк табыстарыңызды зардап шеккен отбасыларға арналған қорға бөлулерiңiздi сұраймын.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ