Русский Сайттың толық нұсқасы

С.Лавров: ««Ислам мемлекеті» - Ресейдің басты дұшпаны»

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2015
  • 1337

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, «Ислам мемлекетін» яғни Сирия, Ирак және Ауғанстан жерінде жүгенсіз жүрген содырларды, елдің басты дұшпаны деп атады. Бұл жайында ол ресейлік радиостанцияға берген сұхбатында айтты. Министр өз сөзінде, ««АҚШ билігі «Ислам мемлекетінің» пайда болуына, өздері кінәлі екенін мойындағысы келмейді»,- деді. БҰҰ Қауіпсіздік қызметі жасақтаған террористтік ұйымдардың тізіміне, ИЛИМ-ді қосудан  америкалықтардың бас тартқандығы осының айқын көрінісі, - дейді Сергей Лавров. Ол ««АҚШ-тың Иракқа қатысты жүргізген саясаты негізінде, «Ислам мемлекеті» пайда болды», - деп есептейді.

Еске салсақ, қазір «Ислам мемлекеті» күн сайын, жаңа ұстанымдарын жариялап, жаулаған жерлерде Халифат құруды, төл валютасын шығаруды мақсат етіп отыр. Айта кетейік, Ресейде ИЛИМ тобы - террористтік ұйым болып танылады. Оның қызметіне бұл елде тыйым салынған.

Әсем МҰХИТОВА