Русский Сайттың толық нұсқасы

Украинаның жоғарғы Радасы шетелдіктерді әскерге қабылдау туралы заң жобасын қарастырмақ

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2015
  • 807

Украинаның Жоғарғы Радасы шетелдіктерді әскери қызметке тартуға рұқсат беретін заң жобасын қарастырмақ. Аталған құжатты күн тәртібіне енгізуге 238 депутат дауыс берді,- деп жазады «Интерфакс» ақпарат агентігі. Ұсыныс авторлары, Заң қабылданған жағдайда Украина әскеріне мыңдаған шетелдік азамат қосылатынына сенеді. Бұл мәселе талқыланып жатқанда, Украинаның қарулы күштері Франциядан шетелдік тікұшақтар мен байланыс жүйесін алуда. Украина президенті Петр Порошенконың Францияға барған сапары кезінде «Укроборонпром» мемлекеттік концерні француздық компаниялармен әскери-техникалық келісімге отырған. Оған сәйкес, француздық компаниялар Украина қарулы күштеріне тактикалық радиобайланыс жүйесі мен моторлы тікұшақтарды әкелуге міндет алған.

Әсем МҰХИТОВА