Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚХА өкілдері ел игілігі мен ассамблеяның табысты жұмысы үшін аянып қалмайтындарын жеткізді

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2015
  • 1044

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңа тағайындалған орынбасарлары баспасөз мәслихатын өткізді. Олар Елбасының жүктеген тапсырмалары бойынша нақты жұмыс жоспары әлі жоқ екендігін жасырмады. Алайда, ел игілігі мен ассамблеяның табысты жұмысы үшін аянып қалмайтындарын жеткізді.

Айта өтейік, төраға орынбасары лауазымына алғаш рет әйел азамат тағайындалып отыр. Любовь Ни Елбасының сенімін барынша ақтауға тырысатынын айтты. Сондай-ақ, ол әйелдердің де көш бастайтын уақыты жетті деген ойда.

Любовь Ни, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Менің ойымша, Ассамблеямызда жыл сайын төрағалардың ауысуы дұрыс. Бұл белгілі бір жүйе енгізуге септеседі. Төрағалардың бірі әйел болатын уақыт жеткен де шығар деп ойлаймын. Сондықтан ең алдымен Елбасымызға, маған сенім артқаны үшін, шексіз алғысымды білдіремін. Бар күшімді салып, бір жыл ішінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткіземін деген ойдамын.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА