Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін елімізде 9741 сайлау учаскесі жұмыс істеуде

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2015
  • 1601

Бүгін таңғы сағат 7-ден бастап республика бойынша  9741 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірлерде сайлау учаскелері саны сайлаушылар санына қарай  жасақталды. Сайлау бөлімшелері ең көп аймақтар Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Маңғыстау облысында 177 сайлау учаскесі бар. Бұл ең аз көрсеткіш.

Айта өтейік,  іс сапармен шетелде жүрген азамат Қазақстан елшілігінде дауыс беруге құқылы. ҚР президенті сайлауында 9 мың 741 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Алматы облысы 883, Шығыс Қазақстан облысы 1079, Қарағанды облысы 784, Жамбыл облысы 461, Оңтүстік Қазақстан облысы 1029, Қызылорда облысы 345, Ақтөбе облысы 521, Қостанай облысы 847, Солтүстік Қазақстан облысы  709, Ақмола облысы 808, Павлодар облысы 576, Батыс Қазақстан облысы 523, Атырау облысы 232, Маңғыстау облысы  177, Алматы қаласы 513, Астана қаласы  254.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА