Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлау барысын 1026 шетелдік байқауда

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2015
  • 1233

Президент сайлауын шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 1026 байқаушы қадағалауда. Орталық сайлау комиссиясы таратқан ақпарға сай, басым бөлігі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы атынан  - 410 байқаушы.  Бірқатары - Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы,  Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросынан. Жалпы саны 293 адам акредиттелді.

Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан 10 адам тіркеуден өткен. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен 15, Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясынан 11 және  Ислам ынтымақтастығы ұйымынан 3 адам.  Одан бөлек  37 мемлекеттен 116 тәуелсіз байқаушы акредиттелді. Сыртқы істер министрлігі  37 мемлекеттен 168 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеуден өткізді.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА