Русский Сайттың толық нұсқасы

Германиядан келген тәуелсіз байқаушылар халықтың белсенділігіне қызықты

  • AstanaTV
  • 26 сәуір 2015
  • 1040

Ал Астанада Германиядан келген тәуелсіз байқаушылар да қазақ халқының белсенділігіне қызықты. Азаматтық борышын өтеуге асыққан халыққа таң қалған олар тіпті өз ел тұрғындарының мұндай науқандарда салғырттық танытатынын мойындады. Баспасөз мәслихатына қатысқан Бундестаг депутаты Карин Штренс халықтың әсіресе таң атар-атпастан сайлау учаскелерінің алдында тізіліп кезекке тұрғанына таң қалыпты.

Карин Штренс, ГФР Бундестагы депутаты:

Біз бүгін Көкшетауда болдық. Түс кезінде ол жерде сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беріп үлгерген. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Біз мұндай белсенділікті өзіміздің халыққа да тілер едік. Халық таңертең ертемен лек-легімен келіп жатты учаскелерге. Болашақ шығыста. Біз қазір шығыстамыз. Сондықтан Қазақстанда тәуелсіз сарапшы ретінде сайлауға қатысып жатқанымызға қуаныштымыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ