Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент сайлауын бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия жұмысын қорытындылады

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2015
  • 996

Республикалық қоғамдық комиссия атынан президенттік сайлауды 10 мыңға жуық отандық байқаушы бақылады. Бұл туралы комиссия жұмысын қорытындыланған баспасөз мәслихатында мәлім болды. Комиссия төрағасы Нұрлан Ерімбетовтің айтуынша, сайлау елдің бірлігі мен халықтың жаңадан қалыптасқан көзқарасын танытты.

Нұрлан Ерімбетов, Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасы:

Меніңше бұл өте үлкен жауапкершілік. Біз барлығымыз елде болып жатқан жағдайға жауаптымыз. Барлық азаматтың өзінің жауапкершілігі болу керек. Мен де осыған қатынастым. Мен де даусымды бердім, бұл менің шешімім, бұл менің таңдаған жолым деп айту керек. Сондықтан меніңше, жақсы деңгейге жеттік.

Айгүл ӘДЕПБАЙ