Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдің саяси партиялары сайлаудағы жеңісті бірге атап өтті

  • AstanaTV
  • 27 сәуір 2015
  • 1815

«Экзит-пул» қорытындысы шыққан соң, Елбасы жақтаушыларымен Назарбаев орталығында кездесті. Жиында еліміздің саяси партияларының басшылары Президент сайлауына жоғары баға берді. Саяси ұйым жетекшілері бұл сайлау елдің бірлігін көрсетті. Және халықтың Елбасына деген сенімін айғақтағанын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевты жеңісімен құттықтады.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының мүшелері өңірлерді аралаған кезде халықтың ыстық ықыласын көрдік. Осы сайлаудың үлкен ерекшелігі - жастардың белсенді қатысуы. Сол себепті Елбасы бүгін айтып шықты, осы сайлаудан кейін халық бірауыздан Елбасын қолдап, енді мына 5 халықтық реформаны жүзеге асырып, біз жалпы осы мәңгілік елге кіруге, оның іргетасын халықпен бірге қалаймыз. Сондықтан қазақ елі дүние жүзінде жалпы елдің тұтастығын, бірлігін, беріктігін көрсетіп шықты.

Ғани Қалиев, «Ауыл» партиясының төрағасы:    

Біздің «Ауыл» партиясының 220 мың мүшесі бар. Біз съезде бірауыздан Нұрекеңнін кандидатурасын қолдағанбыз. Бұл кісінің мүмкіндігін білеміз, қандай үлкен мақсаттар тұрғанын білеміз. Бүгінгі жеңіс бүкіл халықтікі деп ойлаймын.

Серік Сұлтанғали, «Бірлік» партиясының төрағасы:

Саясат партияларының тарихында бірінші рет 4 партия қосылып, бірауыздан өздерінің съездерінде Елбасын қолдады. Бұл, сөзсіз, сенімді жеңіс. Себебі өте көп бақылаушылар болды. Бірақ та халқымыз бір болып топтасты Елбасының жанына. Сондықтан күткен қуанышымыз құтты болсын.

Ғани Қасымов, Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы:

Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент ретінде жинаған тәжірибесі мол. Оны әлем таниды. Дүние жүзі мойындайды. Меніңше, мұндай көшбасшы біздің бағымызға бұйырған. Халық Елбасына сенеді. Жаңа жетістіктерге жету үшін оның төңірегіне топтасты.

Азат Перуашев,  «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

Бүкіл біздің еліміз, бүкіл біздің азамттарымыз, қазақстандықтарымыз өз өмірінде, өз тәжірибесінде біздің Елбасына, біздің Президент Назарбаевқа шынымен сенеді және өз өмірінде сол кісі жүргізетін саясаттың нәтижесін біледі. Бірақ, менің ойымша, біздің Елбасының да, халықтың да ең басты, ең қомақты жеңістері әлі алда. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ