Русский Сайттың толық нұсқасы

Саясаттанушы Андрей Чеботарев мемлекеттік жүйенің тұрақтылық пен дамуға құрылған бағыты өзгермейді деген пікірде

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2015
  • 1326

Президент ұсынған бес институционалдық реформа елді қандай қиындықтан да алып шығары анық. Жаңа реформадағы "бизнес дамып, оның еркіндігі қамтамасыз етілуі тиіс" деген бағыт көп нәрседен хабар беріп тұр. Отандық саясаттанушы Андрей Чеботаревтың пікірі осыған саяды. Сарапшы тұрақтылық пен дамуға құрылған жүйенің алдағы уақытта бағыты өзгермейді деген пікірде.

Андрей Чеботарев,  саясаттанушы:

Әлемдік экономикада орын алып отырған жәйттерді есепке алсақ, негізгі назар экономикалық тұрғыдағы мәселелерді реттеуге аударылары сөзсіз. Еуразиялық интеграция аясындағы көптеген шешімін таппаған тұстар да қамтылады әлбетте. Мемлекеттік жүйенің тұрақтылыққа, дамуға қарай қадам жасауды жалғастыруы - заңды деп білемін.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА