Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдағы мәдени орталықтар өкілдері Президент сайлауының әділ өткенін айтып отыр

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2015
  • 1513

26 сәуірде өткен Президент сайлауы ел бірлігін одан әрі нығайтып, ұлттар достығын бекемдей түсуге сеп болды. Оралдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бір ауыздан осындай пікір білдірді. Айта кетейік, саяси науқанға Батыс Қазақстан облысындағы сайлаушылардың 98 пайыздан астамы қатысып, өз таңдауын жасаған. 

Сергей Погодин, Орал қаласындағы орыс мәдени орталығының төрағасы:

Бүгінгі қоғам, еліміздің Конституциясында жазылғандай, Қазақстан халқына айналды. Халықтың 97 пайызы дауыс бергеніне қарап, біздің бірлігіміздің нығайғанын аңғаруға болады. Әлеуметтік айырмашылық пен ұлтына, дініне қарамастан, барлығы бір кісідей болып, дауыс берді. Осылайша, біздер болашақта өз мемлекетімізді бірге құратын әділ басшыны дұрыс таңдадық деп ойлаймын.

Аветик Амирханян, Орал қаласындағы армян мәдени орталығының төрағасы:

Сайлау күні маған қарасты аумақта адам өте көп болды. Бұл неғылған кезек деп, таңданған қонақтарыма бізде сайлау өтіп жатқанын түсіндірдім. Үш қатар болып кезегін күткен тұрғындарды көрген олар сырттай сүйсініп қарап тұрды. Меніңше, бұл сайлау халық белсене қатысқан саяси шара ретінде тарихқа енеді.

Еркін КАРИН