Қазақстандық
сарапшылар тұңғыш рет Президенттік сайлау науқанына қатысты тұшымды
сараптамалық баяндама жасады. «Президенттік сайлау 2015: қорытындылары мен
келешегі» атты зерттеу жұмысында биылғы президенттік сайлау науқаны терең
талданып, ел үшін маңыздылығы жан-жақты қарастырылған. Сараптамаға Қазақстан
стратегиялық зерттеу институы мамандарымен қатар шет елдік сарапшылар да тартылды.
Марат
Шибұтов, тәуелсіз сарапшы:
Бұл
президенттік сайлауға қатысты тұңғыш қазақстандық баяндама. Бұған дейін
баяндамаларды халықаралық байқаушылар жазатын, бірақ ол сайлау заңнамасының
сақталуына қатысты сараптама. Жан-жақты талдауды ресейлік сарапшылар беретін.
Енді, міне, отандық сарапшылар жалпы Қазақстанның президенттік сайлау
кампаниясын ұйымдастыруы жайында, сонау 91-ші жылдан бері қарай тарқатты.
Юрий
Булуктаев, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы:
Қазіргі
жағдайдың өзі, әлемдік экономикалық дағдарыс, геосаяси ахуал өте күрделеніп
тұр. Сондықтан азаматтар өздерінің ерікті шешімдерін қабылдап, әлемге тарихи
саяси белсенділік көрсеткішін танытты.
Джейкоб
Зенн, «JAMESTOWN» қорының сарапшысы, АҚШ:
Астанада
сайлау барысының мерекелік көңіл күйде өткендігін көрдім. Концерт, би арқылы
халықты дауыс беруге тартып жатты. Бұл өте қызық көрінді маған, себебі өзге
мемлекеттерде, менің елімде бұлай жасалмайды. Бұл іс-әрекеттер халықты
біріктіре түсті.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ