Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге табан тіреді. Бұл
жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Ресей астанасында
өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысады.
Сапар барысында сондай-ақ Президенттің ТМД мемлекеттері басшыларының биресми
саммитіне, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысуы
жоспарланған. Мәскеу сапарында Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир
Путиннің кездесуі өтеді.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА