Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда еңбек ресурсы қажет өңірлерге тұрғындарды көшіру жалғасады

  • AstanaTV
  • 14 мамыр 2015
  • 1502

Қазақстанда әлеуеті жоғары елді мекендерге еңбекке жарамды ішкі мигранттарды көшіру жалғаса бермек. 2011-2014 жылдары өзге өңірлерге 16 мыңнан астам адам қоныс аударған. Ауқымды іс-шара еңбек ресурстарының мобильдігін арттыру мақсатында жасалып жатыр, - деп Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі мәлімдеді.

Дәулет Арғандықовтың айтуынша, елімізде 6 мыңға жуық елді мекен бар екен. Оның 6 пайызға жуығы - әлеуеті төмен ауылдар. Ондағы тұрғындар сумен қамтамасыз етілмеген, білім және денсаулық сақтау ұйымдары жоқ. Сондықтан ол жерлерде ауруханалар мен мектептер салу тиімсіз болғандықтан, тұрғындарды жұмыс орындары бар жерлерге көшірген дұрыс дейді шенеунік. Өткен жылдың өзінде 3 жарым мыңнан астам адам қоныс аударыпты. Ал, қараша-желтоқсан айларында Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 30 отбасы Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласына өз ырқымен көшiрiлген. Мекен өзгерткен әр отбасымен «әлеуметтік шарт» жасалыпты.

Дәулет Арғандықов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Біз ұлттық сарапшылармен терең талдау жүргіздік. Қорытындығы сәйкес, 2050 жылға таяу оңтүстік өңірде халық саны 5 миллионнан асып, ал солтүстікте 1 миллион 3 мыңға қысқаруы ықтимал. Осыған сәйкес еңбек нарығында тепе-теңдіксіз орын алады. Яғни оңтүстік аймақта жұмыс күші артып, ал солтүстікте керісінше тапшы болады. Сондықтан біз ниет білдірген отбасыларды басқа өңірлерге көшіру тәжірбиесін жалғастыра береміз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА