Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның футзал құрамасы Еуро-2016 жартылай финалына шықты

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2016
  • 1699

Қазақстандық төреші Кирилл Парфенов, теннис кездесулерінің төрелігін өз пайдасына бұрмалағаны үшін, қызметінен өмір бойына қуылды. Британ ақпарат құралдарының мәліметінше, ол әлеуметтік желіде әріптесіне «келіскен ойын» өткізу жөнінде ұсыныс жасапты. Ал Қазақстанның үздік теннисшісі Юлия Путинцева Тайваньда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты. Ол жапондық Мия Катоны 6:4; 5:7; 6:0 есебімен ұтты.  



Қазақстанның футзал құрамасы Еуро-2016-ның жартылай финалының соңғы жолдамасына ие болды. Қазақстандық ұжымның ойыны сенсация деп бағаланып отыр. Біріншілікке дебютант ретінде келген команда Еуропаның үздігі италияндықтарды тізе бүктірді. Есеп - 5:2. Қазақстан бірінші болып есеп ашқанымен, италиялықтар олардың өкшесін басып, есепті теңестіріп отырды. Ойын аса тартысты өтті. Ірі жеңілістен кейін қарсыластың бапкері, қазақстандық команданың ойынға тыңнан келгенін айтып, ақталды. Біздің бапкер, италиялықтардың деңгейі жоғары болғанымен, қазақстандық ұжымның рухы басым болды, дейді. Келесі айналымда біздің команда испандықтармен күш сынасады. Өкінішке орай, бірнеше сары қағаз алған біздің негізгі қақпашы - Игита - кезекті ойында алаңға шықпайды.



Кіші Хулио Сезар Чавес кезекті рет Геннадий Головкинмен кездесуге дайынмын дейді. Егер Сауль Альварес біздің боксшымен кездесуден біржола бас тартса, оның орнына мен шығамын дегенді де қосты. Мексикалық Головкинмен бірнеше рет жаттығу түріндегі жұдырықтасу өткізгенін  еске алады. Бокс саласының мамандары Геннадийдің қазіргі дайындығы әлдеқайда жоғары екенін айтуда. Бір қызығы, мексикалық спортшы бұл мәлімдемесін Головкиннің болашақ қарсыласымен кездесу күні нақтыланғаннан кейін жасап отыр. 23 сәуір күні біздің боксшы Лос-Анджелесте америкалық Доминик Уэйдқа қарсы шығады.  

Азамат АЛДОҢҒАРОВ