Байқоңырда ғарыштық мақсаттағы «Союз-У» зымыранымен «Прогресс М28М» жүк
кемесін ұшыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Интерфакс
агенттігі ғарыш айлағында дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Қазір кеме
барлық тексерістерден өтіп, кешенді сынақтарға көшті. Ұшыру 3-шілдеге
жоспарланып отыр. Бұған дейін оның старты тамызға бекітілген. Алайда, «Прогресс
М-27М» жүк кемесінің сәтсіз ұшырылуынан кейін кесте өзгертілді. 28-сәуірдегі
стартта кеме зымыраннан бөлінер кезде, онымен байланыс үзіліп, халықаралық
ғарыш станциясына жетуі тиіс «Прогресс» ашық орбитада Жерді босқа айналды.
Ақыры тынық мұхитына құлап тынды.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ