«Бес институционалдық реформа
мемлекеттің ары қарайғы дамуы мен халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған»
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей телеарнасына берген сұхбатында осыны
айрықша атады. «Біз әрі қарай өсу үшін жаңа бағыт қажет болатын белгілі бір
даму деңгейіне жеттік. Осыдан қалай өтеміз, яғни біздің барлық ресурстарымыз:
саясатымыз, заңдарымыз - тежеліп қалды, сондықтан бізге әрі қарай ілгерілеу
қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы бұл маңызды реформаны
жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның - Ұлт жоспарының құрылғанын атап өтті.
«Бұл 100 қадамның әр бөлімі бойынша комиссия құрылған. Егер халыққа адал қызмет
ететін мемлекеттік қызметкер болса, экономика дамиды. Бизнеске еркіндік беру
керек. Егер дұрыс жұмыс жасайтын сот болса, барлық мәселелер мен дау-дамайлар
соттарда шешіледі, сонда экономика дамиды», - деді мемлекет басшысы өз
сұхбатында.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА