2015
жылғы сайлау кампаниясында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын
насихаттаған республикалық қоғамдық штаб мүшелеріне және сайлауалды үгіт
жұмыстарында белсенділік танытқан «Нұр Отан» фракциясының мүшелеріне бүгін
Елбасының алғыс хаттары табысталды. Салтанатты рәсімді Мәжілістің
вице-спикері, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаева өткізді.
Кезектен
тыс сайлау науқанында «Нұр Отан» партиясының және партиялық фракция мүшелерінің
атқарған еңбегі зор. Мыңдаған жастармен қатар, мәдениет және спорт, қоғам
қайраткерлері еліміздің танымал тұлғаларының басын қосып, сайлауалды үгіт
жұмыстарын бірлесе белсенді атқарды. Президенттің «Нұрлы жол» жолдауы аясындағы
бағдарламаларды түсіндіру шаралары, партиялық жобаларды жүзеге асыру
шеңберіндегі жастар флешмобтары да өткізілген болатын.
Қуаныш
Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының
мүшесі:
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы сайлау
өтті, жеңіске жеттік деп, тоқтаған жоқ. Бірден сол бағдарламаларды сайлау
алдында жариялай кеткен күрделі бағдараламаларды жүзеге асыру жолдарын
жариялады. Қазір жүз қадам, бес реформа бағыттары, осылардың төңірегінде бүкіл
мемлекеттік құзырлы органдар жұмыс жасап жатыр. Оған бүкіл халық қатынасатыны
хақ.
Сайлауалды
науқан барысында еңбек ұжымдарында түрлі кездесулер өтіп, сайлаудың
маңыздылығын жұртқа жеткізу жұмыстары да атқарылды. Ел тағдырындағы маңызды
кезеңде қазақстандықтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты бір адамдай
қолдап, оған 97,75% дауыс берді. Бұл ортақ жеңіс. «Енді
алға қойған мүделлі мақсаттарды бірлесе іске асыру керек», -
дейді депутат Бақытбек Смағұл.
Бақытбек
Смағұл,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Бүгінгі Парламент аясындағы Президент
атынан құттықтау беріліп жатқаны - шын жүректен алғыс деп білеміз. Сондықтан
бұл ортақ жеңіс және жемісін алдағы қойған мақсаттардан, мүдделі мақсаттардан
бірге шешеміз деп ойлаймын.
Президенттік алғыс хаттарды
салтанатты түрде Мәжілістің вице-спикері, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі
Дариға Назарбаева табыстады.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті
Мәжілісінің вице-спикері, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:
Мен сайлау кампаниясында
белсенділік танытқан сенімді өкілдер мен үгіт жұмыстарына қатысқан
республикалық қоғамдық штаб мүшелеріне, ұжымдастарымызға алғысымды білдіргім
келеді.
Жұрағат
БАМАН