Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат төрағасы 100 нақты қадамды қамтитын Ұлт жоспарын белсенді жүзеге асыруға үндеді

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2015
  • 1957

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамды қамтитын Ұлт жоспарын іске асыруға белсене қатысуға үндеді.

Бұл құжат еліміздің қоғамдық саяси өмірін тұтастай жаңғыртуды көздейтін бірегей бағдарлама дей келе, оған әлем елдері жоғары қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Ұлты жоспарын табысты іске асыру арқылы еліміз дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілетіні сөзсіз. Елбасының бағдарламасын алдағы заң шығару жұмысында тікелей басшылыққа ала отырып, баршаңызды Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға және жаңғыртуға негізделген Ұлт жоспарын іске асыруға белсене қатысуға шақырамын.

Айгүл ӘДЕПБАЙ