Русский Сайттың толық нұсқасы

Бурабайда ТМД делегациялары басшыларының және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиыны өтіп жатыр

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2015
  • 1025

Бурабайда Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттер делегациялары басшыларының және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиыны өтіп жатыр. Кеңес отырысына үкіметтердің басшылары келді. Түске дейін шағын құрамда өткен келіссөздер нәтижесінде бірқатар құжаттарға қол қойылды деп, Бурабайдан тілшіміз Азамат Алдоңғаров хабарлады.

Азамат Алдоңғаров, тілші:

ТМД елдері үкіметтері басшыларының және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің жиынында алғашқы келісім құжаттарға қол қойылды. Түске дейінгі кеңейтілген отырыста 20 құжат қабылданды. Олар қаржы-экономикалық, ТМД елдері аумағындағы көлік қауіпсіздігі, достастық елдері территориясындағы азаматтығы жоқ үшінші мемлекеттер өкілдері жөнінде ақпарат алмасу, маман дайындау бойынша білім беру саласындағы серіктестік жөніндегі келісімдер. Жалпы 20 құжат ұйымға мүше мемлекеттер қарым-қатынасының көптеген салаларын қамтыған. Ең соңғы құжат Үкімет басшыларының кезекті жиыны жайында. Кеңейтілген отырыста сөз алған Тәжікстан премьер-министрі келесі кездесу 30-қазанда Душанбеде өтетін айтты. Түстен кейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен делегация басшыларының отырысы жоспарланған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ