Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуроодақ пен Швейцария салықтан жалтарғандарға қарсы күресті күшейтті

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2015
  • 1243

Салықтан жалтарғандарға қарсы күресті күшейтуді көздеген Еуропалық Одақ пен Швейцария ортақ келісімге қол қойды. Еурокомиссияға сілтеме жасаған «Коммерсантъ» басылымының жазуынша, бұл мемлекеттер 2018-жылдан бастап, азаматтарының қаржылық есептері туралы ақпараттармен өзара автоматты түрде алмаса алады. Жаңа құжат Еуроодақ резиденттерінің Швейцария банктеріндегі құпия есеп-шотына тыйым салып, салық төлеуден жалтарғандарға тосқауыл қояды деп күтілуде. Осы келісімге сай, Еуроодақ елдері жыл сайын Швейцариядағы өз азаматтарының аты-жөні, мекен-жайы, салықтық нөмірлері мен өзге де қаржылық есебі жөніндегі мәліметті ала алады. Яғни, бұған дейін өзінің сенімділігімен танылған Швейцария банктері 2018-жылдан бастап, осы артықшылығынан айрылады. Еуропалық Одақ артық ақшасын Швейцария банктеріне жасыратын алаяқтардың жолын кесуді көздеп отыр.

Еркін КАРИН