Салықтан
жалтарғандарға қарсы күресті күшейтуді көздеген Еуропалық Одақ пен Швейцария
ортақ келісімге қол қойды. Еурокомиссияға сілтеме жасаған «Коммерсантъ»
басылымының жазуынша, бұл мемлекеттер 2018-жылдан бастап, азаматтарының
қаржылық есептері туралы ақпараттармен өзара автоматты түрде алмаса алады. Жаңа
құжат Еуроодақ резиденттерінің Швейцария банктеріндегі құпия есеп-шотына тыйым
салып, салық төлеуден жалтарғандарға тосқауыл қояды деп күтілуде. Осы келісімге
сай, Еуроодақ елдері жыл сайын Швейцариядағы өз азаматтарының аты-жөні,
мекен-жайы, салықтық нөмірлері мен өзге де қаржылық есебі жөніндегі мәліметті
ала алады. Яғни, бұған дейін өзінің сенімділігімен танылған Швейцария банктері
2018-жылдан бастап, осы артықшылығынан айрылады. Еуропалық Одақ артық ақшасын
Швейцария банктеріне жасыратын алаяқтардың жолын кесуді көздеп отыр.
Еркін
КАРИН