Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда жатақхананың бір бөлігі опырылып қалды

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2015
  • 1222

Атырауда 5 қабатты отбасылық үлгідегі жатақхананың бір бөлігі опырылып түсті. Жапа шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Төтенше жағдай кеше күндіз болған. Оқиға орын алардан жарты сағат бұрын қабырғалардың жарылғанын байқаған тұрғындар құтқарушыларды шақырған. Төтенше жағдай мамандары дереу жатақхана тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген. Көп ұзамай үйдің бір бөлігіндегі 3 қабаты опырылып түсті. Қалалық әкімдік жатақхана тұрғандары бұған дейін су тасқынынан зардап шеккендер тұрған ғимараттарға орналастырылғанын хабарлап отыр. Айта кетейік, бұл нысан 1974 жылы салынған. Онда 140 адам тұрып келген. Жергілікті биліктің ақпаратына сәйкес, жатақхана апатты жағдайда деп танылып, биыл сүру жоспарланған.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА