Русский Сайттың толық нұсқасы

Харриет Томпсон есімді америкалық азаматша марафонды жүгіріп өткен ең қарт әйел атанды

  • AstanaTV
  • 01 маусым 2015
  • 1235

Харриет Томпсон есімді америкалық азаматша марафонға қатысқан ең қарт әйел атанды. Ол 92 жасында 42 шақырым жүгіріп өтті - деп жазады Рейтерс. Марафон Калифорния штатының Сан-Диего қаласында ұйымдастырылған. Харриет Томпсон қашықтықты 24 минут 36 секундта бағындырған. Жалпы қария жүгіріске қатысуды дәстүрге айналдырыпты. Бұл оның 16- марафоны. Өзінің айтуынша, ол туысқандарына спорттық карьерасын тәмамдауға бірнеше рет уәде берген. Десе де, Томпсон өзінің спортқа деген құлшынысын доғара алмайтынын жасырмады. Әжейдің мамандығы, негізі - пианист. Ол жүгіріс кезінде ескі музыкалық композицияларды тыңдайтынын, соның арқасында қанаттанып, марафонды аяғына дейін жеткізетінін айтады. Айта кетерлігі, Сан-Диегодағы биылғы марафонға әлемнің 43 елінен 25 мыңға жуық адам қатысқан. Бұдан бұрынғы рекордты да 92 жастағы зейнеткер орнатқан болатын.

Жұрағат БАМАН