Украинада
«Ислам мемлекеті» радикалды тобына қатысы бар деген күдікпен қазақстандық
азамат қолға түсті. Бұл туралы ақпарат Украина қауіпсіздік
қызметінің сайтында жарияланған.
Белгілі болғандай, 5
адам Украина аумағында «Ислам мемлекетінің»
бастапқы базасын құрмақ болған көрінеді. Ұсталғандардың екеуі - Ресей
азаматтары. Қалған үшеуі Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан. Сайтта
көрсетілген ақпаратқа сай, Украинаның және шетелдің арнайы қызметтері 3
маусымда бірлескен операция жүргізген. Онда «Ислам
мемлекеті» ұйымы содырларын Украина
мен Түркия аумақтары арқылы Сирия мен Иракқа және Еуропа елдеріне өткізу
жолдарын жою шаралары қарастырылды.
Берік ХАСЕНОВ