Русский Сайттың толық нұсқасы

Украинада «Ислам мемлекеті» радикалды тобының пунктін ашпақ болған қазақстандық ұсталды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2015
  • 1107

Украинада «Ислам мемлекеті» радикалды тобына қатысы бар деген күдікпен қазақстандық азамат қолға түсті. Бұл туралы ақпарат Украина қауіпсіздік қызметінің сайтында жарияланған.

Белгілі болғандай, 5 адам Украина аумағында «Ислам мемлекетінің» бастапқы базасын құрмақ болған көрінеді. Ұсталғандардың екеуі - Ресей азаматтары. Қалған үшеуі Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан. Сайтта көрсетілген ақпаратқа сай, Украинаның және шетелдің арнайы қызметтері 3 маусымда бірлескен операция жүргізген. Онда «Ислам мемлекеті» ұйымы содырларын Украина мен Түркия аумақтары арқылы Сирия мен Иракқа және Еуропа елдеріне өткізу жолдарын жою шаралары қарастырылды. 


Берік ХАСЕНОВ