Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында арам өлген малдарға киіктің жаппайы қырылуының еш қатысы жоқ

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2015
  • 1447

Қостанай облыстық ветеринария басқармасы мамандары, Торғай аумағында арам өлген бұзаулардың кеселі киіктермен байланысты емес, деп отыр. Үй жануарларының жаппай қырылуы осыдан бір апта бұрын Жангелдин ауданына қарасты Албарбөгет ауылында тіркелді. Қазір бұл жағдай тоқтаған.

Басқарма басшысы Берікжан Қайыпбайдың айтуынша, алдын-ала жасалған зертханалық тексеріске сәйкес тана-торпақтардың өлімі жұқпалы індеттен емес, созылмалы дерттен болуы ықтимал. Жалпы аталған аумақта 15 бұзау мен 1 құлын арам өлген.

Берікжан Қайыпбай, Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы:

Мал дәрігерлері мамандарының алғашқы қорытындысына қарағанда, бұл жұқпалы емес ауруларда бар ғой, мысалы, малдың өкпесі, ішек-қарыны, асқазаны қабынып кетеді. Оны дер кезінде емдемесе, созылмалы түріне өтеді. Киіктің қырылуымен еш байланысы жоқ. Себебі киік 10-нан бастап қырыла бастады ғой. Сол кезде Амангелді ауданына қарасты Кемері төңірегінде 2 табын мал тұрды. Киіктер ішкен өзеннен су ішіп, араласып жүрді. Сол кезде қырылып қалар еді ғой.

Заңғар САНАЙ