Русский Сайттың толық нұсқасы

Келесі жылдан бастап Елтаңбаны жасаудың жаңа стандарттары енгізіледі

  • AstanaTV
  • 04 маусым 2015
  • 1509

Келесі жылдан бастап Елтаңбаны жасаудың жаңа стандарттары енгізіледі. Бұл жайында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы Сауықбек Қапаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол мемлекеттік рәміздер туралы Астанада өткен ғылыми-тәжірбиелік конференцияда, «бүгінде стандарттарға сай келмейтін мемлекеттік символдар Үкімет бекіткен қаулыға сәйкес жойылуы керек. Бұл тұрғыда өте көп ескертулер бар. Сондықтан да соңғы жылдары ұлттық стандарттар ережесін қайта қарастыру қажеттілігі туындады», -деген. 2014-жылы жаңа стандарт әзірленгеніне тоқталған Сауықбек Қапаев, оның бүгінде қабылдау кезеңінде тұрғанын жеткізді. Стандарт 2015-жылдың 1-шілдесінен бастап күшіне енеді деп жоспарланған. Алайда рәміздерді жасайтын шеберлердің дайын болмауына байланысты жаңа стандартты енгізудің мерзімі 2016-жылдың 1-қаңтарына шегерілді», -деді. Жалпы авторлардың идеясы, рәміздің мазмұны, формасы бұрынғысынша сақталады. Бұл тұрғыда Елтаңбаны бояу тәсіліне өзгерістер енгізілмек.,

Тоғжан ОСПАНБАЕВА