Русский Сайттың толық нұсқасы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдесі үшін таласады

  • AstanaTV
  • 12 ақпан 2016
  • 1534

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының ақтық сынына берілетін жолдамадан құр қалды. Жартылай финалда азулы Испания командасымен сынға түскен Какау шәкірттері 5-3 есебімен ұтылды. Ойындағы алғашқы голды қазақстандық команда соқты. Бірақ қуаныш көпке созылмады. Қарымта шабуылға шыққан Еуропа біріншілігінің 6-дүркін жеңімпаздары үзіліске дейін қақпамызға жауапсыз үш доп соқты. Екінші тайм басында Алекс есеп айырмасын 4-1-ге жеткізді. Қалған уақытта жерлестеріміз есепті бір голға ғана қысқарта алды. Бұл ойындағы соңғы нүктені испандықтар қойды. Ұрымтал сәтте мүлт кетпеген Рауль Кампос есепті қортындылады. Бұл турнирде 5 доп соққан Серік Жаманқұлов мергендер тізімін бастап, үздік шабуылшыға берілетін «Алтын бутсадан» үміткер атанды. Енді Какау шәкірттері қола жүлде үшін жарыс иелері Сербия командасымен өзара мықтыны анықтайды.



Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева Тайвань елінде өтіп жатқан жарыстың жартылай финалына шықты. Ширек финалда отандасымыз Швейцария спортшысы Штефани Фегеленің алдын орап кетті. Енді Путинцева АҚШ спортшысы Винус Уильямспен кездесіп, ақтық сын жолдамасын сарапқа салады.