Русский Сайттың толық нұсқасы

Мексикада сайлауға қарсылық білдірген топ бюллетендерді өртеді

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2015
  • 1129

«Мексикадағы Парламенттік сайлауда билікте отырған институционалды-революциялық партия жеңіске жетті», - деп хабарлайды «Exit poll» мәліметіне сүйеніп, «Рейтерс» агенттігі. Саяси ұйым 33 пайыз дауыс жинаған. Екінші орында 25 пайызбен Ұлттық қозғалыс партиясы тұр. Одан соң сайлаушылардың 12 пайыз дауысын алған Демократиялық революция партиясы. Осылайша Мексика Парламентінің төменгі палатасында отырған үш бірдей партия өздерінің орындарын сақтап қалды. Айта кетерлігі, сайлау өте күрделі жағдайда өтті. Аймақтарда өткен сайлау алды компаниялардың жұмысына кедергі жасағандар көп болды. Дауыс беру пункттеріне шабуыл жасалып, өрт қойылған кездер де болды. Герреро штатында қоғамдық студенттік ұйымдардың өкілдері, көпшілікті сайлауға бармауға шақырды. Олар өткен жылдың күзінде жоғалған 43 студенттің ісін жан-жақты тергеп, жастардың неліктен із-түзсіз кеткенін анықтауды талап етті. Аса қатерлі аймақтарда дауыс беру барысы әскерилер мен теңіз жаяу әскерінің қатаң бақылауында өтті.

Педро Родригес:

Бюллетендер өртелді. Біз губернаторларды сайлауымыз керек еді. Бірақ ол жердегі дауыстар біздікі емес. Бізге оны жасауға мүмкіндік бермеді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ