Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауады

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2015
  • 1160

«Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауып, күн күркірейді,» - деп хабарлайды Қазгидромет орталығы. Орталық мамандары, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфераның фронталды бөліктерінің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, - деп отыр. Нақтырақ айтқанда, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал, тек батыста ғана күн ашық болады. Жамбыл облысының кей аумақтарында күн күркіреп бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың басым бөлігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Сондай-ақ, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында да, жел күшейеді. Алматы облысында күндіз күн күркіреп, шаңды дауыл соғады.

Тоғжан ОСПАНБАЕВА