Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Украина қарулы күштерін енді қаржыландырмайтынын жеткізді

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2015
  • 1303

АҚШ Украина қарулы күштеріне қару-жарақ жеткізбейтінін растады. Ақүйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест осылай деп мәлімдеді. Айта өтейік, Эрнест АҚШ басшысы Барак Обамамен бірге Германияда өтіп жатқан G7 саммитіне аттанды. Оның айтуынша, саммит барысында бұл сұрақ талқыланбаған. Өйткені, мұның арты эскалацияға соқтыратынын тараптар жақсы түсінеді. Сондай-ақ, Джош Эрнест саммит алдында Құрама Штаттар президенті Барак Обаманың Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен екіжақты кездесу өткізгенін жеткізді. Олар, Украинадағы жанжалды бейбіт жолмен шешу жайын талқылағанға ұқсайды.

Ләйлә ҚАЗИАПАРОВА