Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2015
  • 1044

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысуға келген Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қос ел басшылары халықаралық ахуалға қатысты да пікір алмасты. Елбасы Фин Президентіне Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне қатысатыны үшін алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мемлекетаралық қарым-қатынастардың табысты дамып келе жатқанына назар аударды. Финляндия Президентінің осыдан екі жыл бұрын елімізге жасаған сапары экономика және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың жандана түсуіне септігін тигізгенін атап өтті. Ниинистё Мемлекет басшысына шақыруы үшін алғыс айтып, екіжақты байланысты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА