Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өз жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2015
  • 1745

Дін лидерлерінің кеңесі ХХІ ғасырдағы адамзаттың рухани қайта түлеу авторына айнала алады. Астанада басталған әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясындағы Дін лидерлері Кеңесінің ІІ отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Сонымен қатар, Елбасы Исламды терроризм мен экстремизмнің кез келген формасын ақтап алу үшін пайдалануға ұмтылу - дінді қорлаушылық деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Қазақпарат. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі Астанада бүгін таңертең басталды. Оған Нұрсұлтан Назарбаевпен қатар БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Финляндия Республикасының Президенті Саули Нийнисте, ЕЫҚҰ Бас хатшысы Ламберто Заньер қатысып жатыр. Барлығы әлемнің 42 елінен 80 делегат келген.

Айгүл ӘДЕПБАЙ