Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2015
  • 1172

Астанада жаңа тағайындаулар болды. Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті өкімге қол қойды, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Президенттің тағы бір өкімімен Талғат Ермегияев  «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Айта кетейік, Ермегияев «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясын» 2013 жылдың қаңтарынан басқарған.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА