Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған шұғыл түрде коалициялық үкімет құруға үндеді

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2015
  • 1749

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған шұғыл түрде коалициялық үкімет құруға үндеді. Жуырда өткен парламент сайлауының қорытындысы бойынша консерваторлардың Әділет және даму партиясы сайлаушылардың 40,8 пайыз дауысына ие болып, жеке дара үкімет мүшелерін сайлау мүмкіндігінен айрылды. Халықтық-республикалық партия 25 пайыз дауысқа ие болса, Ұлттық қозғалыс партиясы 16,4 пайыз жинады. Ал күрдтердің мүддесін қорғайтын Халықтық-демократиялық партия - 13,1 пайыз дауысқа ие болды. Түркиядағы жаңа парламенттің алғашқы отырысы 23- 24 маусымда өтеді. Алдымен, ант қабылдайтын депутаттар ізінше жаңа үкімет мүшелерін сайлауы тиіс. Егер олар 45 күннің ішінде жаңа үкімет мүшелерін бекітпесе, онда Түркия президенті парламентті таратып, жаңа сайлау науқанын жариялайды.

Самат ҚАНАҒАТОВ