Русский Сайттың толық нұсқасы

Standard & Poors халықаралық рейтингтік агенттігі Грекияның несиелік рейтингін негативті деңгейде болжады

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2015
  • 1157

Standard & Poors халықаралық рейтингтік агенттігі Грекияның несиелік рейтингін негативті деңгейде болжады. Бұл жөнінде агенттіктің ресми сайтында жарияланды. Ақпарға сәйкес, алдағы 12 айдың ішінде Грекия дефолттық жағдайға тап болмақ. Сарапшылар пікірінше, Афины Халықаралық валюталық қордың несиесін төлеу мерзімін маусымның соңына белгіледі. Осылайша, Грекия өз таңдауын әлеуметтік міндеттемелерді өтеуге негіздеп отыр. Әзірге Үкімет басшысы Алексис Ципрас қарызды өтеуге қатысты халықаралық кредиторлармен өзара келісімге келе алмады. Мұндағы текетірес Грекияның мемлекеттік шығындарды қысқартып, үнемдеу кестесіне әкелетін экономикалық реформа өткізуден бас тартуына байланысты туындады. Бұл жағдай зейнетақы көлемінің қысқаруы мен салық мөлшерінің өсуіне әкелмек. Сонда ғана халықаралық валюта қоры Афины билігіне қол ұшын беруге әзір. Аталған қорға Грекия жуық арада 1,6 млрд евро төлеуі тиіс. Мемлекеттің жалпы қарызы 300 млрд евродан асып жығылады.

Әсем МҰХИТОВА