Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей бюджетінің кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға қысқарды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2015
  • 1076

2015 жылдың алғашқы бес айында Ресей бюджетінің кірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға қысқарған. Бұл жайында үкімет отырысында елдің қаржы министрі Антон Силуанов мәлімдеді деп жазады ТАСС. Шенеуніктің айтуынша, 2015 жылғы жалпы кіріс 2-2,5 триллион рублге қысқармақ. Осыған байланысты біз қатаң үнемдеу кестесіне көшуіміз керек,- деді Силуанов. Бұған қоса, алғашқы тоқсанда ішкі өнім 4,2 пайыздық көрсеткішпен қабылданды. Федералдық бюджеттегі қаржының тапшылығы 691,9 млрд рублді құрады. Осыған дейін де қаржы министрі Ресейге алдағы бірнеше жылда үнемшіл болу қажеттігін ескерткен болатын. Ол кезде Силуанов үнемдеу саясатын жүзеге асыра отырып, ресурстарды тиімді үлестіру қажеттігін айтқан-ды. 2015 жылы федералдық бюджеттің дефициті 2,68 триллион рублді құрайды, - деген болжам бар. Үкімет ел бюджетін 2017 жылға қарай реттеуге ниетті.

Әсем МҰХИТОВА