Русский Сайттың толық нұсқасы

Министр Қасымов адам саудасы проблемасы туралы есеп берді

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2015
  • 1542

Қазақстанда адам саудасымен айналысатындар мен трафик құрғандар арасында ымыраға тыйым салынбақ. Өзара келісімнің алдын алып, адам саудасымен айналысқандарды тиісті түрде жазалау мақсатында бүгін адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жұрағат Баман, тілші:

Бүгін адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында бірқатар мәселелердің басы ашылды. Мәселен, еліміздің ІІМ Қалмұхамед Қасымов жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасымен айналасудың 14 фактісі анықталып, сотқа жіберілгенін айтты. Алайда, комиссия мүшелері адам саудасына қатысты цифрлар әлдеқайда көп екенін айтуда. Алдымен министрдің келтірген деректерін тыңдасақ.

Қалмұхамед Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

Ағымдағы жылы адам саудасы бойынша 14 қылмыстық іс тіркелді. Кәмілеттік жасқа толмағандады саудаға салу бойынша 32 іс. 148 қылмыстық іс жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеуге қатысты.

Айтып өткеніміздей, комиссия мүшелері министр келтірген деректерімен келіспеуде. Айтуларынша, адам саудасына қатысты фактілер қоғам арасында әлдеқайда жиі кездесуде. Мәселен, елімізде қыз ұрлау фактілерінің өзі адам саудасы санатына жатқызылады. Депутат Айгүл Соловьеваның айтуынша, адам саудасымен айналыстындар қалталы болып келеді. Олар құқық қорғау органдары  адам саудалау фактісін анықтаған кезде тек айыппұлмен құтылып кетуде. Себебі еліміздің адам саудасына қарсы күрес туралы заңда айыппұл ғана қарастырылған. Жалпы қазір уәкілетті мемлекеттік органдар адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік көмек көрсетудің стандарттарын әзірлеген. Бұл стандарт 2016 жылдан бастап пилоттық режимде Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Астана, Алматы қалаларында енгізілетін болады.

Жұрағат БАМАН