Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрама штаттар ИЛИМ-ді жоюға ондаған жылдар жұмсауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2015
  • 1166

ИЛИМ содырлары коалицияның әуе соққыларынан қауіптеніп, бейбіт тұрғындардың панасына тығылуда. Бұл ақпаратты Пентагон АҚШ-тың әуе қарулы күштері майоры Джон Истонға сілтеме жасап таратты. Содырлардың бұл қулығына қарамастан, коалицияның барлау қызметі ИЛИМ әскерлерінің жүріп-тұрған әрбір қадамын қадағалауға мүмкіндігі бар. Дегенмен, «Ислам мемлекетін» аз уақыттың ішінде құрту мүмкін емес. Оған ондаған жылдар керек. Бұл ақпаратты Құрама штаттардың жаяу әскер штабының басшысы генерал Рэй Одиерно CBS News агенттігіне берген сұхбатында айтты. Оның сөзіне жүгінсек, Ирак басшылығына - әскерилерді даярлауға аса назар аудару қажет. Экстремистік топтармен жұмысты күшейтіп, алдын-алу жұмыстарын қадағалау керек. Бұл тек Иракқа ғана емес, Таяу шығыстағы барлық Араб елдеріне қатысты. АҚШ-ИЛИМ-ге қарсы күреске қазірдің өзінде 2 миллиард 700 млн доллар жұмсады. Баспасөздің дерегі бойынша, содырлармен күреске күніне 9 миллионға жуық доллар жұмсалады. Қазіргі уақытта «Ислам мемлекеті» - Ирак пен Сирия мемлекеттерінің басым бөлігіне билігін жүргізіп, күннен-күнге күшейіп барады.

Самат ҚАНАҒАТОВ