Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Ақордада атақты суретші Кәміл Муллашевті қабылдады

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2015
  • 1490

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, суретші Кәміл Муллашевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан мәдениетінің, атап айтқанда, бейнелеу өнерінің қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Мемлекет басшысы отандық сурет өнерін дамытуға қосқан Муллашевтің елеулі үлесіне тоқталып, оның туындылары Қазақстанда ғана емес, таяу және алыс шетелдердің көрмелеріне де қойылғанын атап өтті. Президент елдің дәстүрлі мәдени және рухани құндылықтарын сақтау және танымал ету қажеттігіне назар аударды.

Кәміл Муллашев өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа мәдениет пен өнерді дамыту мәселелеріне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтып, шығармашылық жоспарлары жөнінде әңгімеледі.