Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы түйе шаруашылықтары проблемасы «Біздің уақыт» хабарында

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2015
  • 2323

Түйе сүтінде инсулинге ұқсас белок табылып отыр. Инсулин қолданбай, тек ғана түйе сүтін қолданатын болса, қант диабетінің асқынбайтыны ғылыми дәлелденген. Сондай-ақ, шұбаттың қатерлі ісік аурулары, туберкулез сияқты 100 түрлі дертті дендетпеуге қауқары бар. Ал бұл аурулардың меңдегені 1 миллион 200 мың түйеден 160 мың ғана қалғасын шығар.

Сыдық Дәулетов, түйе шаруашылығының иесі:

Бұл түйе сүті - жүз аурудың емі, дейді. Мысалы, сиыр сүтіне қарағанда, витаминдері 10 есе, 30 есеге дейін артық жерлері бар. Өкпе ауруларына, бауырдың өте асқынған түріне 21 күн ішсе, ол аяғынан тұрады. 

Ертең 20.30. «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан төрт түліктің төресі - түйенің шұбатының жұрт ұмытқан қасиеті туралы арнайы материалды көріңіздер.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ