«Астана
ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясы» АҚ төрағасы Әділбек Жақсыбеков жаңа қызметтегі
алғашқы жұмыс жиынын өткізді. Компания басшысы сондай-ақ ұжым алдында өзінің
жаңа орынбасарын таныстырды. Ұлттық компания төрағасының орынбасары Мұрат
Омаров бұған дейін өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш білдірген. Енді бұл
лауазымға бұған дейін Астана қалалық құрылыс басқармасының басшысы қызметін
атқарған Владимир Лютов тағайындалды. Еске салайық, Астана ЭКСПО-2017 Ұлттық
компаниясын бұған дейін басқарған Талғат Ермегияев президенттің бұйрығымен
қызметінен босатылып, кейін үйқамаққа алынған болатын. Экс-төраға өзіне сеніп
тапсырылған мемлекет мүлкін жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
Алдоңғаров
АЗАМАТ